Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аяқталды. Айта кетейік, Президент Вьетнам басшысымен келіссөздер жүргізді, және оны елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар аясында Вьетнам Премьер-Министрі Фам Минь Чиньмен, Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Выонг Динь Хюэмен және Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысымен Нгуен Фу Чонгпен кездесті. Осы жолғы сапар аясында
Қазақстан мен Вьетнам арасында 12 құжатқа қол қойылды. Енді Қазақстан азаматтары Вьетнамға визасыз бара алады. Қазақстан мен Вьетнам арасында биылғы жартыжылдықтағы тауар айналымы 3,5 есеге артқан. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан мен Вьетнам Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытатын іс-қимыл жоспарына қол қойды. Президенттің Вьетнамға ресми сапары туралы бірлескен коммюнике жарияланды.