Қазір Барби қуыршағын жинау сәнге айналды.Мәселен,Ресейлік Татьяна Тузованың коллекциясында 12 мың Барби қуыршағы бар.Ол қуыршақ жинауды бала кезінен бастаған. 12 жасында оның тек екі қуыршағы ғана болған. Себебі, Татьяна ауқатты отбасынан шықпаған. 10 жыл бұрын Татьянаның жинағында 200 дана Барби қуыршағы болған. Содан кейін, олардың саны 1,5 мыңға жеткен. Кейін, Татьянаға сол жиналған қуыршақтар үшін бөлек бөлме қажет болған.
ТАТЬЯНА ТУЗОВА ҚУЫРШАҚ ЖИНАУШЫ:
«Менің ойымша, Барби – үлгі болатындай қуыршақ. Оған қарасаңыз, «сен кез-келген адам бола аласың» деп тұратындай. Мен оған қарап, мен де кез-келген адам сияқты бола алатынымды түсіндім».
Татьяна музыканттар отбасында дүниеге келген. Ол әкесінен жастайынан айырылған. Анасы мұғалім болғанымен, аз жалақы алатын болған.
ТАТЬЯНА ТУЗОВА ҚУЫРШАҚ ЖИНАУШЫ: «Мен өзіме «қалағанымның бәрі болады» деп уәде бердім. Сөйтіп, оқуға түсіп, өзімді дамыттым. Алдымен, анамның қалауы бойынша фортепиано мұғалімінің оқуын оқыдым. Содан кейін, өзімнің қалауыммен қоғамдық қызметке келдім».
Барбидің жанкүйері қуыршақтарды тек қораптарға жинайды. Бұл олардың коллекциялық құндылығын арттырады дейді. Қорапсыз қуыршақ 30% арзан болады.
ТАТЬЯНА ТУЗОВА ҚУЫРШАҚ ЖИНАУШЫ:
«Беттина Дорфманн деген қуыршақ жинайтын әйел бар. Оның 18 мың қуыршағы бар. Ол – әлемдік рекордшы. Мен оған қонаққа бардым. Ол Германияда тұрады. Тіпті, оның коллекциясы үшін одан 200 қуыршақ сатып алдым. Міне, олар қазір осында тұр».
Жақында Татьяна мен оның күйеуі Дубайдан баспана сатып алды. Қазір оның ол жерде де Барби қуыршақтарының 200-ге жуық топтамасы бар. Оларды адамдар ойыншықтар дүкенінен сатып алады немесе АҚШ-тан тапсырыс береді. Ресейлік әйел әлемінің қызғылт түске айналғанына қуанады.