"

Рим Бейжіңге «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шығатынын ресми түрде жариялады. Бұл туралы үкіметтік ақпарат көздері хабарлады.

Италия Қытайдың сауда-инвестициялық бағдарламасына қосылған алғашқы және жалғыз ірі батыс елі болды. Келісімге қол қойылғанға дейін ол АҚШ-тың бұл бағдарлама Қытайға сезімтал және өмірлік маңызды инфрақұрылымды бақылауға алуға мүмкіндік береді деген ескертулерін елемеген болатын. Енді Джорджия Мелони өткен жылы Италияның премьер-министрі қызметіне кіріскеннен кейін ел бұл келісімнен шыққысы келетінін мәлімдеді. Үкімет бұл бастаманың Италияға айтарлықтай пайда әкелмегенін атап өтеді. 2019 жылғы келісім 2024 жылдың наурыз айында аяқталады. Италия үкіметіндегі дереккөз Римнің келісімді ұзартпайтынын айтты. Қытай Сыртқы істер министрлігі Италияның шығуына қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы 2013 жылы құрылған. Содан бері 100-ден астам мемлекет Қытаймен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл көптеген шағын мемлекеттер үшін қарыз тұзағына айналғанын айта кеткен жөн. Сөйтіп, Қытай қарызын уақытында өтей алмаған соң, Пекинге теңіз порттары сияқты маңызды инфрақұрылымды пайдалануға беруге мәжбүр болды.