Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл тек мереке ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақтың құқықтары мен денсаулығын қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салатын күн. Осы күн аясында балалар денсаулығын нығайтудың негізгі шараларының бірі – профилактикалық екпе. Екпе алу балалардағы жұқпалы аурулардың алдын алуға, спортпен шұғылдануына және толыққанды дамуына мүмкіндік береді.
ЛӘЙЛӘ СҮЛЕЙМАНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ № 10 ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ЕМДЕУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ «Біздің 10 емханада халыққа тегін кепілдік медициналық қызмет көрсетудің ең басты шарасының бірі- халыққа профилактикалық екпелер жұмысын жүргізу болып саналады.Бұл профилактикалық екпелер- инфекциялық аурулардың алдын алып және осы инфекциялық аурулардан өлім жітімді азайту мақсатында қарқынды жұмыс жасалынып жатыр. Және жұқпалы аурулармен халқымыздың аз ауырып және мүлдем ауырмай қоғамымызда денсаулығы мықты болашақ ұрпақтың болуын қамтамасыз ету».
Балалардың бақытты және сау болашағын қамтамасыз ету ортақ жауапкершілік. Өскелең ұрпақтың денсаулығына бей-жәй қарамау тек ақ халатты абзал жандардың ғана міндеті емес,баршаға ортақ парыз.