"

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Ол қазір Қазақстанда. Елден кетпеу туралы қолхат алынған. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан соң журналистер сауалына жауап берген Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев айтты.

ӘСЕТ ШЫҢДАЛИЕВ ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:«Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекс талабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды. Бұл жайында Бас прокуратура тиісті мәліметті жариялаған болатын».