Бүгін туризм саласының сарапшылары Алматыда Орталық Азиядағы туризмді халықаралық трендтерге сай дамыту мәселелерін талқылады. Айтуларынша, Орталық Азиядағы туризімінің әлемде өзіндік ойып алар орны жоқ. Шетелдік туристер Еуропаға барғандай келмейді. Неге? Себебі, туристерді бір ғана ел қызықтырмайды. Олар бірден бірнеше мемлекетті аралап көргілері келеді.Сондықтан, Орталық Азияда орналасқан бес мемлекетті (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан,Тәжікстан және Түркіменстан) туризм саласы бойынша аймақтандыру қажет. Бұл бүгінде кезек күттірмейтін мәселе, дейді туризм саласының мамандары.
МАҚСАТ ЧАКИ ТУРИЗМНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ САРАПШЫСЫ: «Ораталық Азиядағы туризм орталығын Алматыда құру керек деп ойлаймын. Оған ірі мегаполистің әлеуеті жоғары. Біз бірігетін болсақ, әлемдік деңгейге көтеріле аламыз.Туризм көптеген елде басымдықты сала. Орталық Азияда ол әлі де кенжелеп тұр. Егер қазіргідей әр мемлекет туризмді өзінше дамытамын десе, қателеседі. Шетелдік туристердің назарын өзімізге аудару үшін бірігіп күш жұмсауымыз керек. Әрбір елдің өзіне тән бренді бар.Сол сияқты Орталық Азияның да бренді болуы керек. Біз Алматының брендін қалыптастырмақпыз. Бірақ, оның жеміс болмайтыны анық».
Сонымен қатар, сарапшылар шенген визасын енгізу қажет екенін айтты. Бұл әлбетте Үкіметте қаралатын дүние. Мысалы, оны Stan, Жібек жолы визасы деп атауға болады. Қазақстанға келген шетелдік турист еш кедергісіз Қырғыстанға одан әрі Өзбекстанға өтіп кетуі керек.