«Жасыл экономика және жасанды интеллект – Қазақстан үшін жаңа міндеттер ретінде». Бүгін аталмыш тақырыппен  Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Пралиев Серік Жайлауұлын еске алуға арналған   халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

«Жақсының аты өлмейді». Ғұмырын білім саласына арнаған Серік Жайлауұлының ғылымға қосқан үлесі ұшан-теңіз. Өмір жолының түрлі белесінде алған терең білімінің арқасында ұлағатты ұстаз биігіне көтерілген   ғалымның еңбектері бүгінгі заман талаптарынан түспек емес. Қолданыс аясы күн өткен сайын кеңейіп жатқан жасанды интеллект тақырыбы конференцияға арқау болды. 

САНДУҒАШ ҚҰЛАНОВА “Q” UNIVERSITY” АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ

Күні кеше ғана қиял-ғажайып болып көрінген технологиялар бүгін шындыққа айналуда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі жасанды интеллектіні дамытудың перспективасының зор екендігін атап өткен. Қоғам қайраткері, белгілі ғалым, педагог, академик Серік Пірәлиев Жайлауұлын еске алуға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда  алыс-жақын шетелдерден жиналған ғалымдар жасанды интеллектіні адамзат игілігіне қызмет ету үшін дамыту маңыздылығын сөз етті.

ӨРКЕН МАМЫРБАЕВ  АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ