"

Сиверс алма ағашы сиреп барады. Бұл туралы мамандар Алматы облысы Есік мемлекеттік дендрологиялық паркінде  ғаламшардағы барлық алма атаулының атасына баланып кеткен сиверс алма ағаштарының генефондын сақтай отырып, жабайы жеміс ағаштарын қалпына келтіру, жергілікті сорттарды көбейту үшін тиімді пайдалану тақырыбында өткен семинар барысында айтты.

Жабайы жемісті ормандарын қалпына келтіру мақсатында өткізілген құндылығы жоғары  шарада аталмыш парк қызметкерлері, Жоңғар Алатауы,Көлсай көлдері ұлттық табиғи паркі өкілдері, сонымен қатар осы салаға қатысты мамандар бас қосты. Алдағы уақытта бес жылға арналған басқару жобасы жүзеге аспақ.

ТАЛҒАТ СЕЙІТҰЛЫ  «ЕСІК МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҒЫНЫҢ»  ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Бұл тек мақсат қана емес жопарланған бес жыл ішінде жоғарғы көрсеткішке жетуіміз керек дейді мамандар.Сиреп бара жатқан жеміс ағаштарын сақтап қалу бағытында кәзіргі таңда қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр.

ТАЛҒАТ СЕЙІТҰЛЫ  «ЕСІК МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҒЫНЫҢ» ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Эколгиялық ағарту мәселелерін жандандыру үшін тек қана сиреп бара жатқан ағаш түрлерін сақтау ғана емес, мамандар даярлау,орман мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қолға алынбақ. Ол үшін парк аумағынан оқу базасын салу көзделіп отыр.

ТЕМІРЛАН МАМИЕВ «ЕСІК МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҒЫ» РМҚК ДИРЕКТОРЫ

Жиынға қатысушылар академик А.Жанғалиевтың мұрындық болуымен 2006 жылы құрылған Сиверс алма бағын аралап көрді . Сиреп бара жатқан табиғи байлықтарды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған бүгінгі семинардың маңызы өте зор.