Қиын қыстау күндері қол ұшын созып қолдау білдіру ең жоғарғы адами қасиет. Еліміздің ертеңі балаларымызға шаттық көңіл күй мен өмір сыйлау қоғамдық парызымыз.Осы орайда еліміздің су басқан аймақтарындағы балаларға қолдау көрсетіліп Алматы облыстарындағы демалыс орындарына жолдама берілген.

Жылына 4250 бала демалатын «Балдәурен» орталығына биыл су басқан аймақтардан 177 бала  демалуға келген.Ауысым тақырыбына сай көптеген іс шаралар өтуде. Орталықтағы мектепте балалар түске дейін сабақ оқыса, қосымша үйірмелер,саяхат бағыттары қарастырылған. Оқу-сауықтыру орталығы әскери бағытта жұмыс атқаратындықтан осы ауысымда ауған соғысы ардагерлерімен кездесу де ұйымдастырылған.

ЖАРҚЫНАЙ ҚАЖЫМҰҚАНОВА ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ «БАЛДӘУРЕН» ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Мұнда 6 мезгіл тамақ беріледі.Одан бөлек балалармен психолог мамандар да жұмыс жүргізуде. Алматы қаласы Бостандық ауданы директорлар корпусы және балабақша меңгерушілері атынан  Бостандық ауданы білім бөлімі басшылығы орталықпен байланысқа шығып су басқан аймақтан келген балаларды қажетті заттармен қамтамасыз етіп,қолдау көрсетуді ұйғарған.

ГҮЛЖАН ДОСАЕВА М.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ №38 ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Игі шара жалғасын тауып Талғар ауданына қарасты «Тау Тұран» демалыс орталығына да су басқан өңір Ақтөбе қаласынан,Ойыл ауданынан 100 бала келген. Балалардың білім алуына мұнда да жағдай жасалып,мұғалімдер арнайы шақыртылған.

ЖАНАР СБАНҚҰЛОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ

Балаларға жан жақты қолдау көрсетумен қатар қауіпсіздіктері де қамтамасыз етілген. Мұнда келген әр жеткіншектің жауапкершілігін арқалап жетекшілер ере келген. Демалыс орнындағы шынайы ниеттен жасалған қолдауға өз алғыстарын жеткізді.

КЕНЖЕГҮЛ  САЕКЕЕШЕВА ЕРМЕКБАЙҚЫЗЫ  АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ №53 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Су басқан өңірден келген балалардың жақсы демалуынан бөлек,олардың психологиялық және денсаулық жағдайларын да қадағаулау қолға алынған.

АҚТОЛҚЫН ПАНАРБЕКҚЫЗЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНАН КЕЛГЕН МЕДБИКЕ

Балалар біздің болашағымыз десек артында арқа сүйер елі барда әр бүлдіршін мұңаюға тиісті емес.