Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға қатысты құтқару жұмыстары қарқынды жүруде. Қазір, БҚО-ның Қаратөбе, Теректі, Сырым, Бөрлі аудандарының тұрғындарын құтқарушылар тікұшақ пен қайықты пайдалану арқылы аман алып қалуда.

Қаратөбе ауданы Қоржын ауылында 600-ден аса халық бар екен. Қазір тұрғындардың барлығы аудан орталығында. Ал, ауыл іске мүлдем жарамсыз. Себебі, екі метрлік бөгетті үш метрден асатын су айнала өтіп, ауылды толықтай су алып кеткен. Салдарынан халықтың мал жайына шығын келді. Үлкендердің сөзінше, бұндай жағдай тіпті кеңес үкіметі кезінде де болмаған.

БАҚЫТЖАН НАРЫМБЕТОВ БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

БҚО қырық сегіз сағат ішінде қырық бес мм ден аса ылғал түскен. Комиссия мүшелері бар шығынды есептеп, өтемақы төленетіндігін айтты. Осы сынды Сырым ауданының да жағдайы мәз емес. Өлеңті өзені арнасынан 600-см көтерілген.

НҰРАЛЫ МУСИЕВ БҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ

Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, қосымша күш ретінде Алматы мен Маңғыстаудан  көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта оқиға орнында 300-ден аса техника мен 1000-нан аса адам бар күштерін салуда.