Су сұраған Ақтау қаласының 19-шы шағын аудан тұрғындары көлік қозғалысын тежеді. Оған басты себеп – 3-4 күн бойына ауыз судың жоқтығы. Тіршілік көзінің жоқтығы тіршілік жасаумызды қиындатып барады деп шырылдауда қараша.
Бұл жағдай 19-шы шағын аудан тұрғындарымен қатар 16,17,27 және 28-ші шағын ауданындағы халықты да алаңдатып отыр.
ГАУХАР БАШИЕВА ТҰРҒЫН: «Ең болмаса, халыққа жаны ашитын болса неге әкімшілік келіп водовозбен су әкеліп бермейді? Біздікі 5-ші этаж. Үш жыл болдыма әлі сол. Жазда сумен бізде проблема болады».
АЙБЕК ЖҰМАҒАЛИЕВ ТҰРҒЫН: «Жаз басталғалы осы проблемағо бізде, Ақтаудың, теңіздің іргесінде тұрып су жоқ деген. Өзім 5-ші этажда тұрамын. “Ұлы сөзде ұят жоқ”, шіріп кетуге айналдық. Алдыңғы жылы да осы, жыл сайын осы проблема».
Дау тудырған тақырыпқа қатысты қала әкімінің қатысуымен брифинг өтті. Әкімнің сөзінше мәселенің басты түйіні - МАЭК кәсіпорнының үлгеріс уақытында.
ҰЛЫҚБЕК ТІНӘЛИЕВ АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Түнімен жинаған суды, күні бойы пайдаланамыз. Сондықтан ол дайын тұрған су емес. Біз аяп тұрған жоқпыз. Дайын су болса қажетті давлениені беріп, жіберетін едік. Бірақ оны дайындау процесі бар. Техникалық тілмен айтқан дестилят жасайды, овыпаривание жасайды. Соның барлығына уақыт кетеді».
Брифинг соңы «даудың түйіні бір аптаға жуық уақытта шешіледі» деген уәдемен аяқталды. Сондай-ақ, жеке инвестор есебінен салынған қуаттылығы тәулігіне 4000 текше метрді құрайтын су тұшыту қондырғысы іске қосылса, су жоқ деген дау туындамайды дейді басшылық.