Тасқыннан зардап шеккен Солтүстік Қазақстандықтарға қолдау көрсету мақсатында құрылған 159 қоғамдық штаб бар. Тұрғындар біржолғы өтемақы алу, шығынын өтеу мәселесі бойынша кеңеске жүгіне алады.
Мұнда тұрғындармен күн сайын кездесулер ұйымдастырылады. Заңгерлік кеңес айтылып, гуманитарлық көмек көрсетіледі. Жағдай орын алғалы облыста 3,5 мыңға жуық үйді су басып,14 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Мыңға жуық адам уақытша баспаналарда тұрып жатыр.
ИННА ШАНГАРВЕЕВА ТЕПЛИЧНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Заңгер, адвокаттар келіп, қолдау көрсетіп жатыр. Әсіресе қарт адамдарға құжат жинауға көмек керек. Мамандар өтінішті қайда, қалай жазу керектігін түсіндірді. Кейде өзім де егов арқылы анықтама алғанда қиналамын. Сол сәтте қоғамдық штабтың көмегіне жүгінемін».
Осы күнге дейін тұрғындармен 120-дан астам кездесу ұйымдастырылып, 6 мыңға жуық адамға кеңес берілді.Тұрғындар көбіне бір реттік көмек алу тұрғысынан жүгінеді екен.
АРМАН БЕРДІҒҰЛОВ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕСІ
Зардап шеккен адамдарға барлық тұрғыдан көмек көрсетілу барынша қарқынды жүргізілуде.