СҚО М. Жұмабаев ауданы Полудино ауылының тұрғындары «Қауіпсіздік керуені» акциясы аясында профилактикалық рейдке қатысты. Жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен өткен шара жайлы тарқатсақ.
Жергілікті атқарушы органдар,кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттерінен тұратын еріктілер,облыстық ТЖ департаменті бөлімшелерінің жеке құрамы акцияға қатысушылармен бірге жеке үйлерді аралап үнпарақ таратты. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің қаншалықты маңызды екенін, пешті, электр жабдықтарын, пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын назарда ұстауға кеңес берді.
ӘДІЛ СПАЕН СҚО ТЖД "ӨС ЖӘНЕ АҚЖҚ" ММ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: «Жұмысқа үш бірлік техника жұмылдырды және 18 адам өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарының қызметкерлері жұмылдырылды».
Түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде өткізу тілсіз жаудың құрбаны болудан сақтайтын бірден бір жол дейді мамандар.
АСЛАН АХМЕТЖАНОВ СҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: «Биыл облыста 53 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 3 адам қайтыс болып, 4 адам зардап шеккен. Сондықтан осындай түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп жатырмыз. оған полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар және еріктілер қатысып жатыр».
Көп жағдайда салғырттықтан туындап жататын оқыс оқиғалардың орын алмауы үшін шараның берері мол.