Жертөлеге талас. Талдықорғанда Мүшелтой ықшам ауданы 2-ші үйдің тұрғындары өзімізге тиесілі жертөлені пайдалана алмай отырмыз деп шағымданды. Базынасын айтып қалалық сотқа да арызданған.Сот процессінің жүріп жатқанына 1 жылдан асыпты.
Бұл 2-ші үйдің жертөлесі. Айтулы жағдайға сот нүкте қоймағандықтан ішіне кіруге рұқсат жоқ. Ал, тұрғын үй иелері жертөле жалпыға ортақ деп шағымдануда. Қолдануға еш мүмкіндіктің жоқтығын айтады. Себебі оны бәз біреулер иемденіп алған.
ШӘЛИПАН НҰРАХМЕТОВА - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Подвал жабық. Аварейка келсе кіре алмайды. Сотқа бергенбіз. Сот бір жыл болып қалды әлі шешім бере алмай отыр бізге. Бұл не деген шешілмей жатқан подвал. Мына подвалдың мына жағында жем ұстайды. Көктемде 30-40 мешок жоңыршқаның семенасын алып келеді де, сатады мына жерде. Ал, енді онда неше түрлі тышқан, неше түрлі құмырсқа жиналып жатыр.Білмейміз біз уже үйіміздің бәріне құмырсқа қаптады мінеки».
ЖАННА КЕРЕЙБАЕВА - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Бізге подвал керек. Себебі өткенде ана кісі айтып жатырғой, коляска бәрі тұр. Жолдасым енді сердечник. Приступ болып, скорый келгенде шығара алмады насилкаменен например. Үйде тұрған заттар бытқып жатыр. Дөңгелектерді қойғанға. Зимний и летний я сколко раз просила. Уменя муж сердечник. Инвалидность бар. Маған берші қаламаймын да даже. Қоя салайық. Бермейді».
Пәтер иелері коперативінің төрағасы Ержан Данабековтың айтуынша, жертөледе тұрғындардың келісімімен сауда жасап жүр.
ЕРЖАН ДАНАБЕКОВ - МҮШЕЛТОЙ ЫҚШАМ АУДАНЫ ПИК ТӨРАҒАСЫ: «Қолдарына құжат алып жасап, мына кісілердің көптеген адамдардан рұқсат алып жасағандар да бар. Өздеріне жеке кәсіпке я болмаса жеке пайдалануға алған бөлмелері бар. Енді бұл кісілердің жағдайында бұл кісілер кейіннен көшіп келді. Енді бұл кісілер жер жоқ емес бар. Астында бос орындар бар. Бірақ та бұл кісілер тұратын үйінің астынан орын берсін деп жатыр. Сондықтан бұл уже сотқа берілген».
Бұл мәселеден қалалық ТҮКШ бөлімі хабардар екен. 2003 жылы дәл осы тұрғын үйден пәтер сатып алған. Заң бойынша жертөледен орын алуға да құқылы. Десе де есікке қара құлып салып, толықтай меншіктеп алған азамат пен тұрғындар арасында үлкен дау туған.
ЖҰЛДЫЗ ИМАНҒАЗИНОВА -ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: «ҚР тұрғын үй қатынастары заңына сәйкес, жертөле ол кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі болып есептеледі. Сондай-ақ, пәтер иелері, тұрғын емес меншік иелері осы кондоминиумға қатысушылар болып табылады және де осы кондоминиум объектісін басқаруға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану бойынша барлығы да тең құқыққа ие. Сонымен қатар, тұрғын үйге, құқықтық қатынастарға туындайтын даулар сот арқылы шешіледі».
Белгілі болғандай тұрғындар сот шешімінсіз жертөлені қолдануға құқығы жоқ. Қараша халықтың күтуден басқа амалы жоқ.
Талдықорған тұрғындары өзімізге тиесілі жертөлені пайдалана алмай отырмыз деп шағымданды
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 365