"

Талғар қаласының оңтүстігінде орналасқан су торабы тіршілік нәрін беруді қазан айының ортасына дейін жалғастырады. Тау жоталарындағы мұздықтардан еріген су, айтулы арна арқылы егін шаруашылығымен айналысатын диқандарға беріледі.Тәуліктік су реттегіш қоймасы 350-мың куб су сақтауға арналған.Қазіргі таңда транзиттік режимде пайдаланылады. Көктем,күз мезгілдерінде техникалық тазарту жұмыстары жүргізіліп отырады. Қуаңшылық орын алған жағдайда айтулы тоспаның көмегі тиеді.

МАДИЯР МҰХАМЕДҚАЛИЕВ ТАЛҒАР ИРРИГАЦИЯЛЫҚ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МК ДИРЕКТОРЫ

Су шаруашылығы саласында білікті мамандар жетіспейді.Айтулы мәселені шешу үшін гидротехникалық білім беретін оқу орындарымен келісім шарт жасауға дайындық жүруде.Тағы бір айта кететін өзекті жағдай, тау шатқалдарынан жүретін селдің салдары.

МАДИЯР МҰХАМЕДҚАЛИЕВ ТАЛҒАР ИРРИГАЦИЯЛЫҚ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МК ДИРЕКТОРЫ