Тасқын судан эвакуациялық пунктерді паналаған Оралдық 3 отбасы пәтерлі болды. Өңірде әлі де үй-жайы жоқ азаматтар жетерлік. Бүгінде облыста 800-ге жуық тұрғын үй салынып жатыр. Өйткені 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Оған дейін баспанасы жарамсыз деп танылған жандарды үймен қамту көзделген.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жанұялардың шаңырағында болып, тұрғындарға пәтер кілттерін табыстады.
НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ БҚО ӘКІМІ
Жаңа пәтерге қоныс аударған тұрғынның бірі - Тамара Досқалиева. 2007 жылдан бері Кардиологиялық орталық аумағындағы саяжайда тұрып келген. Жалғыз шаңырағы биыл ғана емес, 2011 жылы да су астында қалған. Комиссия баспананың жағдайын ескеріп, зейнеткерге облыс орталығынан 1 бөлмелі пәтер берді.
ТАМАРА ДОСҚАЛИЕВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Айта кетейік, бүгінде БҚО-ның 5 ауданында 401, қала маңында 374 үйдің құрылысы басталды. Лицензиясы бар компаниялар бағалау жұмыстарын аяқтаса, 100 және 150 АЕК мөлшеріндегі қаражат та толықтай өтеледі. Қазіргі күні комиссияның оң қорытындысын алған саяжай тұрғындарына баспана берілуде.