Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті тәсілдер жөнінде баяндалды.Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақпарат, мәдениет, креативті индустрия, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қарым-қатынас, жастар және отбасылық-демографиялық саясат салаларында қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді.
АИДА БАЛАЕВА ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ