Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жасаған сапары Мәртөк ауданы Саржансай ауылындағы спорт кешенінің жұмысымен танысудан басталды. Бұл нысанның жалпы аумағы 1048 шаршы метрді құрайды. Мұнда спорттың бірнеше түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Қасым-Жомарт Тоқаев еркін күрес залы мен шағын футбол алаңын аралап көрді. Президент спорт кешенінде жас спортшылармен кездесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев спортпен шұғылданудың маңыздылығына назар аударды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ