Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасына жұмыс сапарымен барды.Онда Қазақстан Президенті бір қатар кездесулер өткізіп,келіссөздер жүргізді.
Сингапурға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты «Istаna» сарайында Президент Тарман Шанмугаратнам күтіп алды.Келіссөздердің алдында ресми қарсы алу рәсімі өтті. Қазақстан мен Сингапурдың мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылы ротасының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Мемлекет басшысы Президент сарайындағы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ делегациясына сый-құрмет көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Президентінің Сингапурға жасаған бірінші сапары екенін атап өтті. Сондай-ақ 1970-жылдары Кеңес одағының дипломаты ретінде қызмет еткендіктен, бұл елді өте жақсы білетінін және араға уақыт салып мұнда Қазақстан Президенті ретінде қайта келгеніне қуанышты екенін жеткізді.Өз кезегінде Президент Тарман Шанмугаратнам екі ел арасындағы қарым-қатынастың даму динамикасына жоғары баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев сапары барысында Сингапур Премьер-министрі Лоуренс Вонгпен кездесті.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Сингапурдың Премьер-министрі лауазымына тағайындалған Лоуренс Вонгты құттықтап, оның жаңа мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Мемлекет басшысы Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы стратегиялық серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы көпжылдық ықпалдастыққа жоғары баға берді. Қазақстан Президенті Сингапурдың өте қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ бұл елдің әлемдік экономикада жетекші орын алатынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Сингапурға алғашқы мемлекеттік сапары екіжақты қатынастарға тың серпін беретініне сенім білдіріп, ол үшін қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.Тараптар Қазақстан мен Сингапурдың іскер топтары арасындағы байланыстарды кеңейту үшін күш-жігер біріктіруге уағдаласты. Мемлекет басшысы екі елдің көпжоспарлы әріптестігін нығайтуға септігін тигізетін Үкіметаралық комиссия құруды ұсынды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Лоуренс Вонгты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Республикасына мемлекеттік сапары аясында мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды: