Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады.Ержан Сәденов елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді.Ведомство өз қызметі барысында Президенттің Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мәселелеріне баса мән беріп отырғанын баяндады.

ЕРЖАН СӘДЕНОВ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ