Алматыда түнгі ойын сауық орындарында есірткі сатқан ер адам 10 жылға сотталып кетті. Бұл туралы Polisia.kz медиа-порталы жазды. Дерекке сүйенсек, өткен жылдың қыркүйек айында болған. Алматы полициясы ойын-сауық мекемесінің аумағында синтетикалық есірткі сатып жүрген 27 жастағы жігітті ұстаған еді. 1996 жылы туған Р.есімді азамат түнгі клубқа келушінің атын жамылып, есірткі таратумен айналысқан. Ұсталған кезде, оны тінту барысында құрамында синтетикалық заты бар, ашық түсті, ұнтақ түріндегі байлам табылды.
Шөп тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша тіркелді. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осылайша сот үкімімен Р.есімді азамат кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.