Филиппиндік тұрғын үйін қоғамдық кітапханаға айналдырды. Эрнандо Гуанлао кітапханасын «Оқырман клубы 2000» деп атады.
Филиппинің қарт тұрғыны үйін қоғамдық кітапханаға айналдырды. Мұндай шешімге ол осыдан 20 жыл бұрын келген. Эрнандо Гуанглао 50 кітапты үйінің сыртындағы тротуарға жайып тастады. Зейнеткер Манила қаласының орталығына жақын жерде тұрады. Зейнеткер кітапхананы «Оқырман клубы 2000» деп атады және адамдарға кітаптарды ұсына бастады.
ЭРНАНДО ГУАНЛАО КІТАПХАНА ИЕСІ: «Менің миссиям – пайдаланылған және сыйға берілген кітаптарды оқуға тегін беру және әдебиет арқылы білім беруді насихаттау».
Филиппиндегі балалар білім алуда үлкен қиындықтарға тап болады. Мемлекеттік мектептерде білім нашар. Десе де оқушылар саны өте көп және орын жеткіліксіз. Жекеменшік мектептерде орын жетеді, бірақ ата-аналардың оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ. Соның салдарынан көптеген бала білімсіз қалады. Кітаптар да қымбат болғандықтан бәріне бірдей қолжетімді емес.
РОН КАСТРО ОҚЫРМАН: «Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерімен салыстырғанда біздің балаларымыздың сауаттылығы төмен. Сонымен қатар, кітаптардың бағасы айтарлықтай қымбат. Сондықтан бұл кітапхананың адамдарға көмегі зор».
Эрнандоның кітап қоры бай. Оның идеясын құптағандар көп болды. Олар жеке кітапханаға кітаптарды сыйға тарттып жатыр.
ЭРНАНДО ГУАНЛАО КІТАПХАНА ИЕСІ: «Мен үшін бұдан асқан бақыт жоқ Бұл мені де, басқаларды да қуантады. Мұны істеу соншалықты қиын емес. Мен мемлекеттік органдарда жұмыс істемейтін шығармын, бірақ мен адамдарға кітап жеткізетін көпір іспеттімін».
Қазір кітапханада мыңдаған әдебиет бар. Роман мен фантастикадан бастап көркем әдебиетіне дейін. Оның үстіне, адамдар Эрнандоға кітап беруді жалғастыруда. Ал ол кітапхананы қолымнан келгенше сақтаймын дейді.