«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға деп бөлінген 105 млн теңгені қолды қылған шенеунік 6,5 жылға сотталды. Мәдениет және спорт министрлігі мұрағат істері құжаттама комитеті төрағасының орынбасары IT-компаниясының директорымен бірлесе Үкімет қаражатын қалталарына басып, ол ақшаға өздеріне қымбат зәулім үй сатып алған.Сотта айыптаушылар кінәсі толығымен дәлелденді.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Комитет басшылығы орындалған жұмысқа бюджет қаражатын бөліп, оны орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша ақпараттық жүйенің әзірлеушісіне қайта аударған. Ұрланған ақша қаражаты қылмыстық шығу тегін жасыру және заңды айналымға енгізу үшін сенімді тұлғаларға рәсімделген қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға бағытталды.Сотталушылардан келтірілген залал сомасы өндіріліп, әрқайсысына 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұрынғы мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына және мемлекеттік наградалардан айырылды».