Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауданы Шалқар көлінің айналасында сарыала қаздар мен өзгеде құстар белгісіз жағдайда қырылып жатыр. Жыл құсы болып есептелетін сарыалақаздың неліктен жағаға шығып қалғанын мамандар анықтау үстінде.
Көлдің айналасы экологиялық апатқа ұшыраған. Ауыл тұрғындары, орман инспекторлары соңғы екі күнде мыңнан астам құстың өлексесін жинап, өртегендерін айтады. Алайда жергілікті билік бұл ақпаратты жоққа шығарып өлексенің саны 150 ден аспайтынын айтып отыр.
АСЫЛТАС ТІЛЕУБАЕВ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бейнежазбадан байқағанымыздай, қауырсын қанаттылар көл айнала жаппай жусап жатыр. Басқарма өкілі апта бұрын Астанаға жіберілген сынаманың нәтижесі әлі шықпағанын. Сондықтан да жергілікті ветеринарлар құстарға тиген аурудың не екенін дөп басып айта алмай отыр.