Автокөлік иелерінің назарына!Шетелдік көліктерді заңдастыру науқанының аяқталуына тура 10 күн қалды! Сондықтан, ІІМ мүмкіндікті пайдаланып, үлгеріп қалуға шақырады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізге 2022 жылдың 1-қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер 23-қаңтардан бастап 30-маусымға дейін қабылданған еді. Кейін бұл уақыт ұзарып 30 желтоқсанға дейін жүргізушілерге мүмкіндік берілді. Бүгінде Республика бойынша 250 мыңға жуық шетелдік автокөлік тіркеуге қойылды.