"
Шымкент қаласындағы мыңнан аса жұмысшысы бар «Водные ресурсы маркетинг» ЖШС кәсіпорнына қауіп төніп тұр дейді басшылар. Айтуларынша, «Стратегиялық нысан» деген сылтаумен Шымкент қалалық әкімдігі, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кәсіпорын басшыларына қысым көрсетіп жүр. Соңғы бір жылда кәсіпорын заңсыз тексерулердің астында қалған. Журналистерге базынасын айтқан кәсіпорын басшылары құқықтарының тапталып жатқанын мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Алтын Сапа» сыйлығын алған кәсіпкер Анарбек Орман қазіргі уақытта Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан рейдерлік қудалауға ұшырап жатырмын дейді.
АНАРБЕК ОРМАН «ВОДНЫЕ РЕСУРСЫ МАРКЕТИНГ» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ «Біз 26 жыл болды мемлекеттен 1 теңгеде алмай, өзіміздің тапқан табысымыздың 41%-ын тозығы жеткен құбырларды ауыстырып, солардың жұмыс істеу қабілетін жоғарғы деңгейде жеткізу саласында қызмет етіп келеміз. Мен айттым не үшін мемлекетке қайтарып алғыңыз келеді десем «стратегиялық нысан» дейді мен айттым біздің кәсіпорын 1998 жылы құрылғанын айттым. Ол кезде ондай заң жоқ болатын. Ол заң кейіннен пайда болды Бұл әкім келді де, «мемлекетке қайтарам» деді. Біреудің сөзіне ерді ме, не өзінің ойы болды ма, мемлекетке қайтаратынын жария етті. Содан бері бір жылға жақындап қалды.
Шымкент қаласының әкімдігі бүгінге дейін компанияны үш рет сотқа беріп, үш рет арызын қайтарып алған. Бір миллионға жуық адамды сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын жайлы Үкіметке үнемі жалған ақпараттар беретін көрінеді.
САҒАТБЕК ЖҰМАН, АДВОКАТ «Энергеитка және инфрақұрылымды даму басқармасы әкімдікке қарайды. Сол мекеме біздің мүлкімізді мемлекеттің меншігіне қайтару жөнінде 3 рет талап арыз берілді. Басында берілген талап арыз қазақ тілінде, кейінгі талап арыз тілінде берілді. Бірақ ақзіргі таңда берілген барлық талап-арыз, өздерінің арыздары бойынша, қараусыз қалдырылды. Біздің ойымзша, қараусыз қалдырылуы бұл талапты қанағаттандыруға ешқандай негіз жоқ. Ол сотта өздерінің жеңілетіндерін білді. Сондықтан олар осылай қамданып, арыздарын қайтарып алды. Дегенмен олар қайтадан арыз береді ме деген қауіп бар.
Бір жылға жуықтаған дау-дамай халықаралық дау тудыруы мүмкін дейді басшылық. Себебі компанияның Еуропалық даму және қайта құру банкіне 12 млрд теңге берешегі бар. Беделді халықаралық ұйым өзі инвестиция салған жобаның болашағына алаңдаулы және егер Шымкент әкімдігі кәсіпорынға қарсы заңсыз рейдерлік әрекетін тоқтатпайтын болса, халықаралық арбитражды сот процесін бастау қаупі бар. Бұл Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына үлкен нұқсан келтірмек дейді мамандар.