«Жүректен жүрекке» арнайы жобасы аясында алматылық этномәдени бірлестіктердің өкілдері 3 күн ішінде қабылдау пунктіне 25 тонна гуманитарлық көмек жинады. Бұл жүктердің ішінде азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар бар.
Ұйғыр этномәдени орталығының өкілі, волонтер,3 топтағы мүгедек Шухрат Мұсратұлы денсаулығына қарамастан әріптестерінің басын қосып 1 тонна азық- түлік жинады.
ШУХРАТ БАГУДИНОВ ВОЛОНТЕР: «Жүректен жүрекке деген акцияны естіп, ауылдастарымызды жинап, азық-түлік, киім-кешек әкелдік».
3 күнде Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы штабының қабылдау пунктіне 25 тонна гуманитарлық көмек жиналды. Оған еріктілер, этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен жанашыр азаматтар атсалысты.
ДОЛКУНТАЙ АБДУЛХАЛИЛ ҚАЗАҚСТАН ҰЙҒЫРЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:«130 ұлт өкілдері бар. Бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шағарып, жинап жатырмыз. Мұнда құрлыс материалдары, тамақ бәрі бар»
Гуманитарлық көмек тиелген 2 жүк көлігі су басақан аймақтарға бүгін түнде жолға шығады.