Оңтүстік Кореяның Dot Incorporation компания ғалымдары DOT Pad 320 атты зағип жандарға арналған революциялық құрылғы ойлап тапқан. Құрылғы зағип жандардың шынайы әлемнің бейнелерін бейнелеп көруіне жаңа мүмкіндіктер сыйламақ. Толығырақ келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Көз жанарынан айырылса да қоғам өмірінен тысқары қалмайтын зағип жандардың жаратылысы бөлек. Тек түйсіктің сезімталдығы арқылы олар барлық іске икемділігін көрсете біледі. Бүгінде Доктор Хванның шығарған DOT Pad 320 революциялық құрылғысы зағип жандардың болашағына жол ашпақ. Себебі, құрылғымен тек тіл бағытын ғана емес, сонымен қатар: сандарды, фигураларды, Mic.программаларды, сондай-ақ ойындарды да құрылғы арқылы үйренулеріне болады.
WOO JIN HWANG DOT ИНКОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ ПРЕЗИДЕНТІ: 1 студент 1 пәнді брайл шрифты арқылы ұзақ уақыт оқып шығады. Олар үшін жылына 12 пәнді дайындау қажет. Кітаптар өте үлкен көлемді әрі ұзақ уақыт алады. Осы жайында көп ойланып, ақылдаса келе бір шешіммен дивайсқа тоқталдық. Бұл дивайсқа арнайы жүйенің көмегі арқылы барлық қажетті оқулықтарды, есептерді, ойындарды т.б сақтап, кез-келген уақытта пайдалана алады».
Елімізде барлығы 160 мыңға жуық зағип жандар бар. Білім ошақтарында 3720 нашар көретін және 350-ден астам мүлдем көрмейтін зағип оқушы тіркелген. Мүмкіндігі шектеулі жандарға мектепте тек гуманитарлық бағытта сабақтар өтіледі. Енді бұл құрылғы арқылы мұғалімдер сабақты өз құрылғысымен түсіндіріп, оқушылардың алдындағы DOT Pad 320-ға тапсырмалар, суреттер және формалар мен есептік тапсырмаларды жібере алмақ.
ЖАНСҰЛТАН СЕРІКҰЛЫ МАРКЕТИНГ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Біздің компания 2014 жылы жарыққа шықты. Біз оқу орындарын жабдықтау саласында 9 жылдан аса жұмыс тәжірибеміз бар. Соңғы 5 жылда біздің компания 2000 көп нысанды жабдықтады. Күнделікті біз бүкіл Қазақстан бойынша тауар тасымалдаймыз. Альянсы Техносервис компаниясы – Оңтүстік Кореядан келген Dot Incorporation компаниясымен серіктес болып отырып, білім беру саласында революциялық құрылғы – DOT Pad 320 ұсынып отыр».
Айта кетейік, 15 қыркүйекте Корей компаниясымен мәжіліс депутаты, «Дара» фонты, программисттер мен мұғалімдердің қатысуымен кездесу өткен. Кездесуде осы жоба аясында мемерандум құру жоспарланған. Құрылғы бағасы алу көлеміне – 70-80 мың доллор тұрады. Компания басшысы бұндай құрылғылар қағаздың үнемділігіне, яғни табиғатқа да пайдасы бар деген ұсыныста.