Қазақ телевизиясының ардагері,меншікті рейдерлік басып алудың құрбаны болды.Танымал журналист Ласкер Сейітов Алматы облысы Қарасай ауданынан 1999 жылы жер учаскесін алып,ол жерге су ұңғымасын салған. Бірнеше жылдан бері тіршілік нәрін көршілерімен бірге пайдаланып келген. Алайда, 2023 жылдан бері оның алған жер учаскесінің үстінен тағы бір қожайын пайда болған. Жер комитетінің былығы, зейнеткердің басын дауға қалдырып отыр. БАҚ өкілдерін шақырып әділдік іздеген ол, әріптестерінен көмек сұрауға мәжбүр болған.
ЛАСКЕР СЕЙІТОВ ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
Баспасөз мәслихаты барысында Ласкер Сейітов заң талаптарына сай жасалған барлық құжаттарын көрсетті. Даулы мәселеге әділ шешім шығарына сенімді. Жанайқайын айтып, Мемлекет басшысының атына да хат жолдаған,енді Жоғарғы сотқа талап-арыз білдірмек ниетте.