Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Фараби» заманауи обсерваториясы ашылды.Орталық соңғы үлгідегі телескоптар арқылы таңғажайып аспан әлемімен танысып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге мол мүмкіндік береді.
 
Салтанатты шарада ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев әмбебап нысан ғалымдар мен студенттердің ғылыми жаңалықтарын және ғарыш әлеміндегі беймәлім құпиялардың сырын ашатын ғылыми орталық болатынын атап өтті.«Фараби» обсерваториясы студенттерге тәжірибелік сабақтар өткізуге, жас ғалымдардың ғылыми зерттеулермен айналысуына арналған. Деректерді өңдеу, жинау және тарату, қашықтан басқару, фотометрлерді қолдану тәжірибесі жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін жоғарылатып, алдағы уақытта ірі телескоптармен  жұмыс істеулеріне жол ашады», – деді ректор. 
Мұнда қойылған үш телескоптар Сатурн, Марс, Юпитер ғаламшарын және олардың серіктерін, жұлдыздарды, Айды, Күн жүйесіндегі өзге планеталарды, жақын ғарыштық денелерді бақылауға мүмкіндік береді. 
 
АЛДИЯР АГИШЕВ «DATA SCIENCE ASTROPHYSICS» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
«Көптеген студенттеріміз үшін,мұғалімдеріміз үшін және де Алматы қаласының тұрғындары мен балалары келіп көруге  болады. Бұл обсерваторияның ішіндегі ең басты инструмент АҚШ тың MIT компаниясының 30 сантиметрлік телескопы. Және де біз оны сыртқа шығарып қойып өз қолымен ұстап көріп,жұлдыздарға бағыттап,айдың кратерлерін көруге мүмкіндікті ұсынайын деп жатырмыз».