"

Қазақмысты өз мамандары оның ішінде қауіпсіздік қызметінің басшылары тонаған. Оны  ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қарағанды облысы прокуратурасы мен бірлесе анықтапты. 20 жұмысшы «металл және тауар ұрлады» деген күдікке ілініп отыр. Тінту барысында олардан травматикалық қару, автокөлік және қомақты қаражат табылып, тәркіленген. Қазір қылмыстық іс-әрекет салдарынан келтірілген залал анықталып жатыр. 

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС  ҚР ІІМ ҰҚҚКД ӨКІЛІ: «Келтірілген залал анықталуда. Қарағанды облысының полиция департаментіне 20-дан астам күдікті жеткізілді. Тінту іс-шаралары барысында олардан атыс және травматикалық қару, автокөлік, қаражат және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді, Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді. ІІМ қала құраушы кәсіпорындарда әрекет ететін қылмыстық топтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді.».