"

Қазақстанда TIKTOK заңмен шектеледі. Бірақ бұғатталмайды. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов бұғаттау мәселесі күн тәртібінде жоқ екенін айтты.  

СНХ. ҚАНАТ ЫСҚАҚОВ ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:  «Біздің елде бұл әлеуметік желіні бұғаттау күн тәртібінде тұрған жоқ. Бірақ заңнаманы сақтау талаптары орындалмаған жағдайда қол жеткізуді шектеуге қатысты шаралар қолданылатын болады.  Заңға қайшы контенттердің жарияланбауын министрлік тікелей өзі бақылайды».