"
Қазақстанда қылмыскерлерді апаратын жер жоқ. Түрмелер мен тергеу изоляторларында адам лық толы. Соңғы жылдары елде түрме көбейген. Уақытша ұстау изоляторларында да орын тапшы. Қазір 16 тергеу изоляторында 7,5 мың адам отыр. Сондықтан, бұл мәселені үкімет деңгейінде шешу керек дейді қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мамандары.
ТЕҢІЗЖАН ЖӘНІБЕКОВ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Қазіргі таңда 78 түзеу мекемесі бар, онда 37 мыңнан астам сотталушы жазасын өтеп жатыр. Оның үш мыңы әйелдер (50-ден астамы кәмелетке толмағандар). 93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Сонымен қатар, 45 пайызы қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған».
Комитет төрағасы сонымен қатар қылмыскерлерді қамайтын тағы жаңа түрмелердің салынатынын да айта кетті. Сөзінше Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында салынады.