Қазақстанда ішектің қабыну аурулары өршіп тұр. Ішектің созылмалы патологиялары жасарып барады.Балалар мен жасөспірімдер арасында аталған дерт жиі кездеседі. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтында өткен республикалық мектеп жұмысы барысында шетелдік және отандық медицина мамандары айтты.Жетекші дәрігерлер ауруды тиімді бақылау және асқынуларды азайту үшін терапия мен аурудың барысын уақтылы бақылау маңызды екенін тілге тиек етті.
ҚАЗБЕК АҒЫБАЕВ АСТАНАДАҒЫ №1 ҚАЛАЛЫҚ АРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ: «Баланың іші өтеді.Қан аралас дәрет шығады.Салмақ төмендеп кетеді. Осы жағдайларда дәрігерлерге қарату керек. Дер кезінде қаратса, емдеу оңай болады.Асқынбай тұрып емдеген абзал. Ол науқасқа да, дәрігерге де тиімді. Әйтпесе, консервативті емдеуге келмей қалады».