Қазақстанда ең көп таралған қатерлі ісіктердің бірі — өкпе обыры. Бұл дерт елімізде өлім-жітім бойынша бірінші орынға шықты. Тек өткен жылы 3 800-ден астам жаңа жағдай тіркелген. Толығырақ тілші материалында.
АЙГЕРІМ ЕСІМХАН ЖУРНАЛИСТ: «Өкпе обыры – әлем бойынша ең кең таралған қатерлі ісік түрі. Халықаралық қатерлі ісікті зерттеу агенттігінің мәліметінше, жыл сайын әлемде 2 миллионнан астам ерлер мен әйелдер өкпе обырына шалдығады. Оның басым көпшілігі – ер адамдар. Соңғы уақытта әйел адамдардың да саны артып келеді. Аурудың негізгі себебі – шылым шегу».
Қазақстанда да өкпе обыры өзекті проблемаға айналған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 4 мыңға жуық жаңа жағдай тіркелді. Бұл қатерлі ісік құрылымында үшінші орын. Бірақ өкінішке қарай, өкпе обыры өлім жітім көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр. Күн сайын елімізде 5-6 адам осы дерттен қайтыс болады.
Инфографика: «2024 жылғы онкологиялық аурулар»
- Сүт безі обыры – 5 652 жағдай
- Колоректалды обыр – 4 029 жағдай
- Өкпе обыры – 3 833 жағдай
- Асқазан обыры – 2 907
- Жатыр мойны обыры – 1 921
КӘРІБАЙ ТӨЛЕУТАЙҰЛЫ СӘКЕН НҰҒМАНОВ АТЫНДАҒЫ ОНКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ «Өкпе қатерлі ісігі жылдан жылға көбеюде. Біздің жалғыз елде емес басқа өркениетті елдерде өсіп дамуда. Ең бастысы темек тарту. Темекі тартуды алдын ала аламыз.
Жылына 30 мыңдай адам тіркеледі.
22%-ы сүт безі қатерлі ісігі құраса, 20% өкпе қатерлі ісігі құрайды.
Алдын алу белгілері 1,2 сатысында білінбейді. Сол себепті флюрография, компьютерлік тамография дегеніміздің мәні осыда. Ал кейін жөтел пайдала болу, ентігу болса кеш сатылары».
Бұл аурудан әлемде жыл сайын 1,8 миллионға жуық адам көз жұмады. Шетелдік ғалымдардың айтуынша, дертті ерте анықтау маңызды.
ДЭВИД ЯНКЕЛЕВИЦ - ПРОФЕССОР (АҚШ) «АҚШ-та өкпенің қатерлі ісігі скринингін 1992 жылы алғаш рет ғылыми жоба ретінде бастады. Ең алғаш 100 адамға тәжірибе жүзінде іске асырып көрдік. Зерттеу нәтижелері бойынша,ауруды төмен дозалы компьютерлік томография арқылы ерте сатысында анықтауға болады. Егер қатерлі ісік ерте анықталса, оны толық емдеуге болады. Осы тәжірибеден кейін Еуропа елдерінде бұл әдіс кеңінен қолданылуда».
Тексеруден өтіп тұрасыз ба?
Өкпе обырының басты себебі тек шылым шегу, вейп емес, оған қоса, ауаның ластануы, зиянды өндірістік орта, радиоактивті сәулелену және тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары да қатерді күшейтеді.
Алдын алу шаралары – салауатты өмір салты, темекіден бас тарту және уақытылы тексерілу.