Қазақстандағы азаматтық авиация саласы сын көтермейді. Авиаотын тапшылығы мен қымбат билет бағасы және халықаралық стандарттарға сай емес әуежайлар. Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев бүгін жоғары палата депутаттарының отырысында осы мәселерді көтерді. Бұл өзекті проблеманы шешуге Үкіметтің араласуын сұрайды.

СҮЙІНДІК АЛДАШЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Өкінішке орай, авиаотынды сатудың және оны бағасын белгілеудің ашықтық жоқ. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұл мәселені реттеуге біріңғай көзқарасы жоқ. Жерүсті қызмет көрсету аумағымен әуежай инфрақұрылым бірқатар өңірлерде апатты жағдайда және қайта құруды қажет етеді. Сонымен қатар әуежай тарифтері 2014 жылдан бері қайта қаралмағынын айта кеткен жөн».