"

Қазақстандықтарға жылу үшін 768 млн теңге қайтарылады. Жылыту маусымы аяқталған соң шығындар қайта есептеліп жатыр. Бұл үлкен сома көрінгенмен, әр қазақстандыққа шаққанда сондай қомақты қаражат емес. Айта кетсек, артық ақша тек өлшеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін ғана есептелген. Ал, биыл жылыту маусымында нақты қандай тариф бекітілгені әлі белгісіз. Жауапты ведомство тұтынушыларға берілетін қызметтің сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында қарқынды түрде күрделі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтады. 

МИРАС ЗЕРІПБАЕВ ҚР ҰЭМ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Әр өңірде тариф әр түрлі. Ол жақта жылуды өңдеуші ұйым және жылыту тасымалдаушы ұйым экономикасы әр түрлі болғандықтан, белгіленген бір тариф жоқ. 20 өңірде 20 түрлі тариф болады. Ауқымды бағдарлама іске асырудамыз. Тарифті инвестицияға айырбастау деген. Тұтынушыларға берілетін қызметтің сапасы мен сенімділігін арттыру барысында қарқынды түрде күрделі жұмыстары жүргізілуде. Әр траиф ол құжаттарға негізделген. Олар жария тыңдау арқылы өтеді. Қосалқы шығындарды тарифке қоспаймыз. Тарифке кететін шығындарды ғана есепке алады».