Ұмытылған тарих ақиқатқа айналды. Қапал өңіріндегі мыңшұңқыр маңында "100 оба Қызбейіті" қорымы ескерткіші ашылды. Ол осыдан 4 ғасыр бұрын жоңғар басқыншыларына қарсы өткен Қызылжар шайқасында қаза тапқан 100 қазақ батырына арналып отыр.
«100 оба, Қызбейіті» қорымы 1698 жылы қазақ-жоңғар арасындағы Қызылжар шайқасында қаза болған 100 жауынгердің жерленген жері. Тұтқиылдан тиген жаудын бетін қайтару үшін бұл жасақты Құдайназар батырмен оның қызы Гүлайым бастап барыпты. Олардың ерлігі 300 жылдан бері аңыз болып айтылып, жыр-дастандарда өрнектеліп, шетелдегі тарихшы ғалымдардың еңбегінде жазылған. Жергілікті өлкетанушылар көп жылдар бойы зеттеу жұмыстарын жүргізіп, нәдижесінде шайқас болған орынды анықтаған. Айбынды жасақтың ергілін келер ұрпаққа үлгі өнеге ету мақсатында ескерткіш орнатылды.
ҚАЖЕТ АНДАС ӨЛКЕТАНУШЫ, ЖУРНАЛИСТ: «Өздерінің өлетінін білген. бірақ елді сақтау керек. Бұл шайқастың ең керемет бір тұсы осы. Қазір көрсең осы 100 батырдың рухын біз тірілтіп жатырмыз. Сол шайқаста біреуі 20 ,30,40 жасында өлген шығар. Бірақ олардың 300 жыл бойы олардың рухы өлген жоқ. Осы шайқаста ең нәзік жері Гүлайым Құдайназар қызының ерлігі.Олардың айтқан сөзі елімді қорғай алмасам әкемді қорғай алмасам Ұрпақ болғаныма сын деген».
Тарихи деректерге көз жүгіртсек, 17 ғасырдың аяғында басынан бақайшығына дейін қаруланған жоңғардың 3000 мен 5000 аралығындағы қолы тұтқиылдан қазақ жеріне басып кіреді. Бұл хабар жергілікті халық үшін ауыр тиеді. Өйткені, басқыншыларға қарсы тұратын жасақ жинап, қазақ ауылдарын қауіпсіз жерге көшіру үшін уақыт керек еді.Осы сәтте ентелеген жауды ішке қарай өткізбей, уақыт ұту мақсатында Құдайназар батыр мен қызы Гүлайым бастаған 100 сарбаз тәуекелге басын тігіп, аттанып кетеді. Олар өздерінен саны әлде қайта көп жоңғар әскерін 2 күн бойы жібермей ұстап тұрған.
ҚАЛИ ИБРАЙЫМЖАНОВ ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ: «Тар шатқалды таңдап алуы, одан кейін өздерінің бекініске тұруы, одан кейін келден жауды тұтқиылдан шабуылдап, апай топырын шығаруы. Ес таптырмауы.Сөйтіп 100 адам 2 күн бойы ұстап тұруы. Соғысу тәсілдері өте көп».
Қызылжар - Жетісу жеріндегі Орбұлақ соғысынан кейін болған екінші ірі шайқас дейді тарихшылар. Осы туралы бейнефильм, кино түсіру, кітаптар шығару жоспарда бар. Сонымен қатар жоғары оқу орындары студенттерімен кездесулер ұйымдастырып насихат жұмысы да жалғаспақ.
Қапал өңіріндегі мыңшұңқыр маңында "100 оба Қызбейіті" қорымы ескерткіші ашылды
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 378