"
БҚО Қаражар ауылының мектебінің іргесі қаланып жұмысын бастағалы 65 жыл болған. Кәзіргі таңда 10 бала оқитын білім ошағында шағын орталық жұмыс істейді.
Ауыл тұрғындары мектеп пен орталық бала санының аздығына байланысты жабылуы мүмкін деген үреймен өмір сүруде. Білім ошағы апатты жағдайда. Қыста суық. Ғимаратты көмірмен жылытады.
АЛМАЗ ІЗТІЛЕУОВ ҚАРАЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Қаражар Переметный ауылынан 6 шақырым қашықта орналасқан. Тұрғындар жыл он екі ай бойы жол азабын тартуда. Әсіресе, ауылдық ағайынға балшық пен боранда қиын.
АЛМАЗ ІЗТІЛЕУОВ ҚАРАЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Ауылдың негізгі тірегі -мектеп. Білім ордасы жабылса ауыл да қаңырап бос қалады. Бәйтерек ауданының білім беру бөлімінің басшысы Қаражардағы мектеп пен орталық жабылмайды деп хабарлады.
АЙНАГҮЛ БАЯНОВА БҚО БӘЙТЕРЕК АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Бәйтерек ауданында 5 бастауыш мектеп бар. Оның бірі- Қаражар ауылында орналасқан. Мектепті жылыту үшін көмір жағады. Ғимарат ескі, апатты деп айтуға болады. Төтеншеліктер мектепке газ жүргізуге рұқсат бермей отыр. Біздер оқушыларды ыстық тамақпен қамту ісі жолға қойдық. Локалды интернеті бар. Бала санының аздығына байланысты жаңадан мектеп сала алмаймыз. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда Қаражардың орта буында оқитын 28 оқушысы Камен мектебінде білім алады. Қаражар бастауыш мектебі жұмысын жалғастырады».
2019 жылы Қаражар мен Переметный тас жолына қиыршық тас төселіп, аз-маз жөнделіпті. Аудан орталығының әкімі биыл осы жолдың жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда деп хабарлады. Жөндеу жұмыстарының құжаты мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс.
АЛЕКСЕЙ ГЕРАСИМОВ ПЕРЕМЕТНЫЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: «Переметный-Қаражар тас жолының тозығы жетті. Оны жөндейтін уақыт келді. Жол ауданның тұрғын үй коммуналды шаруашылығының баласында. Биыл осы жолдың жобалық құжаты дайындалып жатыр. Қаражат болса, келер жылы Қаражардың жолын күрделі жөндеу жоспарланып отыр».
Қаражар ауылының қара жолы мен мектептің күрделі жөндеуі қаражатқа келіп тіреліп отыр.