"

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады.Кездесу барысында «Қазпошта» акционерлік қоғамының биылғы 8 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі жөнінде баяндады. 

Атап айтқанда,компания шығындарды оңтайландыру, электронды коммерцияны және басқа да қаржылық қызметтерді дамыту есебінен соңғы 5 жылда алғаш рет шығыны аз, табысты мекемеге айналған.

Бұдан бөлек,мекеме басшысы еліміздің шалғай елді мекендерінде «Қазпоштаның» бөлімшелер желісін кеңейту жоспарланып отырғанын жеткізді. 

Бұл пошта, қаржы, агенттік, әлеуметтік және мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

ӘСЕЛ ЖАНАСОВА «ҚАЗПОШТА» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ