Қазақстандық ғылымның жетістігі. Отандық ғалымдар әзірлеген қатерлі ісікке қарсы препарат сынақтың екі бастапқы кезеңінен де сәтті өтті. Қазақ ғалымдары ойлап тапқан дәрі-дәрмекті бірінші рет қабылдаған он бес онкологиялық науқастың жағдайы бірден тұрақтанып, олардың алтауында ісіктің өсуі тоқтап, ал біреуінде ол тіпті 30%-ға азайыпты. Қазіргі уақытта дәрігерлер препараттың «уыттылығы жоқ» деген анықтамын күтіп отыр, ол  расталғаннан кейін дәрінің дозасын арттыратын болады. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектеновтің Назарбаев Университетінің ғалымдарымен кездесуінде айтылды. 

ДОС САРБАСОВ  ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ, NU БИОЛОГИЯ ПРОФЕССОРЫ  «Біз қатерлі ісікке қарсы аппаратты 2022-2023 жылдары сынай бастадық, рұқсат құжаттарын алдық. Клиникалық сынақтың 1-ші және 2-ші кезеңдерін өткіздік. Қазір біз жоғары дозаны алуға қол жеткіздік. Сынақтар Қазақ онкология және радиология институтында өтуде. Біз глюкозаны сіңіретін рак клеткаларын жоямыз. Халықаралық  патентіміз бар.  Бақылау тобында болған 5 пациенттің жағдайын тұрақтандыруға әсер етті. Ісік өскен жоқ, бір науқаста ісік 30%-ға азайды. Істі соңына дейін жеткізіп, 2-3 жыл ішінде жобаны аяқтауымыз керек». 

Айтпақшы, отандық ғалымдар жетістігі мұнымен шектелмейді. Жақында елімізде миокард инфарктісі мен жүректің ишемиялық ауруын емдеуге арналған катетерлер шығарылатын болады. Оның Орталық Азияда баламасы жоқ. Осындай хирургтардың тың идеяларын коммерцияландыратын Астанада орталық та ашылмақ. Ол 2025 жылдың ақпанына жоспарлануда. 

СЕЙІТЖАН СЫПАБЕКОВ  GALAMAT GROUP БАСШЫСЫ «Қазір бізбен 27 емхана жұмыс істеп жатыр. Келесі жылы 40-тан астам жоспарлап отырмыз. Бұл өндірістің экспортын 3 жыл ішінде 7 мемлекетке, осы стендетрді Өзбекстан, Орта Азия, Иран, Моңғолия, Кавказ басқа да көп елдерге экспаорттауға дайынбыз.