Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Сарыбастау ауылының тұрғындары Наурыз мерекесінің алғашқы он күндік жаңару күнін ерекше бастамамен бастады. Ауыл халқы мектеп оқушыларымен бірлесіп, табиғатты аялау мен көгалдандыру мақсатында “Үздік аллея” жобасын қолға алды.Өңірге қарасты аудандарда мереке қандай бастамалармен өрбіп жатыр,келесі тақырыпта.
Өңірге қарасты Қарасай ауданында да ұлыстың ұлы күнін ерекше ықыласпен қарсы алуда. Аудан тұрғындары, ұстаздар мен оқушылар бұл мерекені қазақы дәстүрге сай қарсы алып, ұлттық құндылықтарды ұлықтады. Мерекелік шара аясында қазақ халқының салт-дәстүрлері дәріптеліп, әжелер шашу шашып, батагөй қариялар ақ тілегін арнады,қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды.
МЕЙРАМКҮЛ БАЙКЕНЖЕҚЫЗЫ ҮШТЕРЕК ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Наурыз мейрамы ұлттық ойындарсыз өтпейтіні белгілі. Осы орайда, жастар арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрес сияқты ұлттық ойындарда өзара сайысқа түсті.
МЕЙРАМБЕК БЕРДІБАЕВ ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Ерекше мерекелік шара халықтың бірлігін нығайтып, ұлттық мәдениетті жаңғыртуға зор үлес қосты. Қарасайлықтар Ұлыстың ұлы күнін қуанышпен қарсы алып, Наурыздың береке мен молшылық әкелуін тіледі.