Алматы қаласында Еуропа қыпшақтануының негізін қалаушы, қазақ тілінің жанашыры, әйгілі еуропалық ғалым, доктор Қоңыр Мандокидің 80 жылдығына арналған «Қоңыр және ұлттық құндылықтар» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. Айтулы шараға елімізден бөлек, АҚШ-тан, Мажарстаннан, Қырғызстаннан белгілі түркітанушылар мен ғалымдар қатысты. Шараға жиналған жұрт, атақты ғалымның еңбегін сөз етті.Жас ұрпаққа қалдырған мұрасын дәріптеді.

ЕРДЕН ҚАЖЫБЕК, ПРОФЕССОР

Венгрлiк қыпшақ ғалымы, мажар халқының үлкен жүректi азаматы, түркологияның белдi өкiлi, профессор, қазақ десе жүрегiн жұлып беруге әзiр болған асыл ер,Иштван Мандоки Қоңырдың «бiз бiр алып шынардың бұтағымыз, ата-бабаларымыз қасиеттi Тұран топырағында ажырамастай берiк достықта тұрған» деп есептеп, бар ынта-жiгерiмен қазақ тiлiн үйренiп,еркiн сөйлей алғаны көпшілікке өнеге. Оның қазақ тіліне деген іңкәрлігін әр сөзімен,еңбегінен байқауға болады. 100 жылда бір туатын тұлғаның мерейлі мерекесі Қазақстанда ғана емес,бауырлас түркі елдерінде кең көлемде аталып өтетін болады.