Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылында Қазақстанның Қызыл кітабына енген 35 қап дәрілік өсімдіктерді жинаған 2 азамат ұсталды. Райымбек ауданы Сарыжаз ауылының 1994 және 2000 жылғы екі азаматтың көлігін тексеру барысында тәркіленген өсімдіктердің жалпы салмағы шамамен 1000 келі болғаны анықталды. Бұл әрекеттер қоршаған ортаны және сирек кездесетін өсімдіктер түрлерін қорғау туралы заңнаманы өрескел бұзу болып табылады.
ЕРНАР САЙДИЛДИН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД БӨЛІМ БАСШЫСЫ «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген өсімдіктердің нақты құрамы мен жағдайын анықтау үшін сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде».