"

СҚО қарасты Қызылжар ауданында шаруалар 1,5 мың гектар жерге картоп еккен. Солардың бірі «Елім - Қызыл Жар» серіктестігі. Ауа райының қолайсыздығына, жауын-шашынның жиі жауғанына қарамастан, биылғы көрсеткіш былтырғыдан кем емес.

Шаруашылық биыл картоптың сұрыпты «Коломбо» және  «Гала» тұқымдарын еккен. Қазір жаңа өнім қоймаларға жеткізіліп жатыр. Менеджер Олег Ивановтың айтуынша, жиналған өнімнің ішінде биыл шірігені де жетерлік. Бұған - жауын-шашынның мөлшерден көп жаууы себеп.

ОЛЕГ ИВАНОВ, «ЕЛІМ-ҚЫЗЫЛ ЖАР» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ: «Бізде 4 мың тоннаға  жуық көкөніс сақтайтын екі қойма бар. Оны өз қаражатымызға салғанбыз. Біріншісі – 2021 жылы, екіншісі – 2022 жылы іске қосылды. Келесі жылы суару алқабын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Әрине, биыл жыл жауын-шашынды болды. Бірақ алдағы жылдардың қандай болары белгісіз ғой».   

Дайын өнім облыс орталығына және Астана, Ақтау, Атырау қалаларына жөнелтіледі. Сондай-ақ серіктестік дүкен сөрелеріне таза картоп, қызылша және сәбіз жеткізеді. Мына құрылғы 15 минут ішінде шамамен 120 келі көкөністі жуады. Жалпы, Қызылжар өңірінде диқандар 1,5 мың гектар, ал ауыл тұрғындары 300 тонна картоп еккен.

ТЕМІРЛАН ҚАБИ – СҚО ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Агроөнеркәсіп кешенінде де инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Бұл Петерфельд ауылында «Агрос» шаруа қожалығының көкөніс сақтау қоймасы, қазір құрылыстың  70 пайызы бітті. 10 қазанға дейін толық аяқтаймыз» .  

Өңірде дәнді дақылдарды жинау жұмыстары да қызған. Қазір 4,4 млн егістік алқабының 15 пайызы жиналып, қамбаға құйылды.