Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Түктібаев ауылында соғыс ардагері, халық ақыны Әбдіразақ Қаналиевті еске алуға арналған облыстық жастар айтысы өтті. Жас ақындардың сөз барымтасы қалай болды? Сюжеттен көрейік. 

Әбдіразақ Қаналиевті еске алуға арналған айтысқа өңірдің түкпір-түкпірінен келген 12 ақын қатысты. Олардың көбі киелі өнер табалдырығын енді ғана аттап, тұсауы кесілген жас қырандар. Әбдіразақ аталары сияқты болмаса да ұқсап баққылары келеді.  

БОЛАТ ЖОЛТАЕВ ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ МӘДЕНТИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Әбдіразақ Қаналиев айтыс аламанына еніп, елдің жадында сақталып қалан санаулы саңлақтардың бірі. От ауызды, орақ тілді Әбдіразақтың Қазалы жұртшылығы үшін орыны ерекше. Шара барысында сөз саптауындай ұлтының саф таза болмысымен,  ескіден жеткен есті сөзін санасында тоқып, көкейіне ұялатқан біртуа дарын еді деп еске алды көзін көргендер. 

ҚАЗЫНА ӘЛМАҒАНБЕТОВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Әбдіразақ Қаналиев 1920 жылы Қазалы ауданы Бозкөл ауылдық округінде, қазіргі Үрмәш Түктібаев ауылында дүниеге келген. 1942 жылы соғысқа аттанып, Сталинград майданында ауыр жарақат алып, елге оралған. Кейін зейнет жасына дейін шаруашылықта әртүрлі жұмыс атқарған. Башкириядан хат, Жараланған солдаттың хаты, Қайта табылған хат өлеңдері көптеген баспасөз беттерінде жарияланған. 

ЕРМЕКБАЙ АҒЫРАЙ МАЙДАКӨЛ АУЫЛДЫҚ КЛУБЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Айтыс қорытындысы бойынша қазылар  3 айтыскерді үшінші орын деп тапты. Ал, екінші орынға 2 адам ие болса. Қызылордадан келген Салтанат Жаппаспай бірінші орын деп танылды. Қазалылық Бекзат серіков бәйге басын қанжығалады. 

САЛТАНАТ ЖАППАСБАЙ ЖАСТАР АЙТЫСЫНЫҢ 1-ОРЫН ИЕГЕРІ

БЕКЗАТ СЕРІКОВ ЖАСТАР АЙТЫСЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕГЕРІ