Қызылорда облысында аязға байланысты аймақ басшысының тапсырмасымен жедел штаб құрылды. Штаб мүшелері күнделікті қала бойынша әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй секторларына жылудың, электр энергиясы мен көгілдір отынның және ауыз судың қалыпты деңгейде берілуіне бақылау жүргізуде.

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай және штаб өкілдері «Арай» және «Сол жағалау» мөлтек аудандарындағы жылу қазандықтарын, тұрғын үй секторларын аралап, аязды күндердегі коммуналдық қызметтердің жұмысын бағалады. Қазіргі таңда «Қызылорда Су Жүйесі» кәсіпорынында және қалалық электр желілерінде апаттық бригадалардың кезекшіліктері орнатылған. Яғни, тәулік бойы бақылауда. Шаhар басшысының орынбасары мұндағы коммуналдық жүйелердің үздіксіз жұмыс жасауын тексеріп, жауапты сала басшыларына қызмет көрсетуде келеңсіздіктерге жол бермеуін міндеттеді.

ҒАЛЫМЖАН ЕРКЕБАЙ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Айта кетейік, осы апта басталғалы Қызылордада қатты жел соғып, ауа температурасы -25-30 градус аязға жетті. Аязға қарамастан, барлық коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді. Қуанышқа орай, қалада коммуналдық желілерде апаттар, ресурстарды беруде ақаулар болған жоқ.

ҚАЙСАР МҰСТАФАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОҢТҮСТІК БУ ҚАЗАНДЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қызылорда тұрғындары үшін 109 жедел қызметі тәулік бойы қызмет етеді. Мұнда азаматтардың барлық өтініштері мен шағымдары жазылады. Сондай-ақ, тиісті сала мамандарына ақпараттары жіберіледі. Қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай қысқы кезеңде тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің алдында тұрған негізгі міндеттер туралы сөз қозғады. Ол қала тұрғындарының барлық қоңырауларына жауап беріп, барлық қызметтермен қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

МҰХТАР САДЫБАЕВ 109 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жылумен, жарықпен, сумен, газбен және көлік қозғалысын үздіксіз қамтамасыз ету басты мақсат. Авариялық-құтқару бригадаларының санын көбейту де, өтініштерді тәулік бойы қабылдауды қамтамасыз ету де, бүгінде қаланың барлық коммуналдық қызметтерінің алдыңғы міндеттері болып саналады.