Қызылорда өңірінде жұмыс уақыты режимін сақтау мақсатында 21 мемлекеттік органға мониторинг жүргізілді. Анықтау барысында 5 мемлекеттік органнан 28 мемлекеттік қызметкердің кеш уақытта да жұмыс жасағаны анықталды. Сондай-ақ, Е-қызметкер ақпараттық жүйесінің зерттеуінде 298 маманның 261 күн қосымша жұмыс жасағаны белгілі болды. Бұзылған құқықтың шешімі ретінде қызметкерлерге демалыс күндер бөлініп, 1 398 812 теңге көлемінде өтемақы берілді. Заң жүзінде Әдеп кодексінің ережесін сақтамағаны үшін 4 тәртіптік іс пен 2 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылса, қызметке сай емес тірлік үшін 11 арнайы іс қаралды. 

ЕРЛЕГЕН МЕҢДАЛИЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ