Қызылордада кене шаққан 12 адам дәрігерге жүгінді. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетілді. Қазір мамандар кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл шара 10 сәуір мен 23 сәуір аралығында өтеді.
ГҮЛМИРА СЫЗДЫҚОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«2023 жылы 11 аймақ қолайсыз болып есепке алынса, 2024 жылы 12 аймақ болып өзгерді. Жыл басынан бері 12 кене шағу дерегі тіркелді. Оларға тиісінше емдік шаралар көрсетілді және қарым-қатынаста болған жанұя мүшелеріде тексерістен өтті. Бұл залалсыздандыру жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Биыл 10-23 сәуір болып бекітілді».