Қызылорда да қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында көңіл көтеретін орындарда түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.Қала қауіпсіздігін сақтау, заңға қайшы әрекеттерді болдырмау мақсатында ұйымдастырылған рейд жұмыстары барысында 10-ға жуық көңіл көтеретін орындар тексерілді. Аралау кезінде тәртіппен тазалыққа мән беріліп, бірнеше заң бұзушылықтар үшін айыппұл мен ескерту қағаздары табысталды. Айта кету керек, ағымдағы жылдың қаңтар айында «Маг» кафесінде аса ауыр қылмыс орын алған болатын, сонымен қатар «Золотая рыбка» және «Винни пух» кафелерінде ұрлық пен бұзақылық фактілері тіркелген.
ЕРДӘУЛЕТ ЖӘУКЕЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Жалпы рейдтің жұмыстың мақсаты қылмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу болады. Біз әр аптаның жұма,сенбі,жексенбі күндері қатал рейдтің шаралары өткізіледі. Қаламызда қылмыстық,бұзақылық әрекеттер көбейіп кеткен. Бұндай әркеттер түңгі 00-05ке дейін ашық болатын сыраханаларда орын алады. Осындай әрекеттердің салдарын алдыен алу үшін жедел әркеттер жасаудамыз».
Мұндай рейдтер қылмыстың алдын алу мақсатында әр аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері тұрақты түрде өткізілетін болады.